Аймақтар
1 мин оқу 100

COVID-19: Атырауда 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

<p style="text-align: justify;">Бүгін &laquo;сары&raquo; аймаққа өткен Атырау облысында қауіпті вирусқа шалдығып, жағдайы нашарлаған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, инфекциялық стационарларда 418 науқас емделіп жатыр.

«Қазір өңірдегі 2 352 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлардағы жүктеме 17,7% құрап отыр. Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде 30 пациент оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеменің үлесі – 33,3 пайыз», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
COVID-19: Атырауда 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр · Egemen Qazaqstan