Өнер
2 мин оқу 392

Талантымен тәнті етті...

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана Операның&raquo; жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық байқаудың бас жүлдегері Бақтияр Адамжан әлемдік балет өнерін жақсы көретін қауымды өз талантымен тәнті етті.</p>

Талантымен тәнті етті...

Қазақстандық жұлдыздың балеттік маусымы тамыз айын­да Италияда басталып, онда ол «Роберто Болле және оның дос­тары» атты гала-концертке қа­тысса, таяуда Рим операсы теат­рында алғаш сахналанған бел­гілі хореограф Ролан Петидің «Па­риж Құдай анасының соборы» балетінде Квазимодо партиясын ұсынды. Енді дарынды өнерпаз Ресей, Ямайка және Аустралия елдерінде өнер көрсетеді.

Танымал бишінің талан­ты­на дән риза болған La Voce di New York интернет-газе­тінің америкалық тілшісі Мария-Тереза Антониоц­ци өз ма­қа­ла­сында ол туралы: ­
«Кеш шы­мыл­дығы Риккардо Дри­гоның музыкасына Ма­риус Пети­паның хореогра­фия­­сындағы «Кор­сармен» ашылды, сахнада – таң­ға­жайып Бақтияр Адамжан, ол өзінің жылдам қимылдары­мен, шебер техни­касымен кө­рер-
ді баурап алды...», деп жазыпты.

Өрелі өнер иесі биылғы 2 және 3 тамыз күндері жоғарыда айтып өткен «Роберто Болле және оның достары» атты екі гала-кон­­цертте, әлемнің қос жұлдызы – Вена операсының прима-бале­ринасы Людмила Коновалова және Нидерланд Ұлттық бале­тінің прима-балеринасы Майя Махателимен бірге сахнаға шы­ғып, тыңдармандарын жылы әсерге бөледі. Сондай-ақ оның «Париж Құдай анасының соборы» қойылымындағы Квазимодо партиясы да көрермендердің кө­ңілінен шықты.

− Алдағы қазанда Андрис Лие­паның шақыруымен Ресейдегі Кремль сарайының сахнасында өнер көрсетемін. Ал қаңтарда The Ballet International Gala жоба­сына қатысуға Аустралияға бара­мын. Бұл ауқымды шараға сол елдің мемлекет басшысы көңіл бө­­ліп отыр, сол үшін әлемдік театр­ларға арнап үздік алаң жа­сақ­талған. Осында бірге өнер көр­сетуге труппамыздың балет со­лисі Шұғыла Әдепханға ұсы­ныс жасадым. Қолымнан кел­ген­ше отандық балеттің жо­ғарғы деңгей­де екендігін таныту – мақса­тым, − дейді Бақтияр Адамжан.

Бөлісу:
Талантымен тәнті етті... · Egemen Qazaqstan