Қоғам
1 мин оқу 4,772

Елімізде ең төменгі зейнетақы айтарлықтай көбейеді

<p style="text-align: justify;">ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі &laquo;2022 &ndash; 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы&raquo; Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –  19 450 теңге;   

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;  

базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн», деп жазылған жобада.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес  әзірленген.

Оның негізгі мақсаты - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге көтеру.

Жоба 6 қазанға дейін көпшілік талқылауына ашық. 

Бөлісу:
Елімізде ең төменгі зейнетақы айтарлықтай көбейеді · Egemen Qazaqstan