Қазақстанда судьяларды жауапқа тарту мәселесі қаралуда
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулерді Мәжіліс депутаттары қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Заң жобасы сот кадрларын іріктеу механизмін жетілдіреді, судьялардың кәсіби қызметін бағалай отырып, судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзартады, сонымен қатар соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілейді», деді депутат Снежанна Имашева.
Сондай-ақ Имашева сот жүйесі мәселелері бойынша ілеспе заңға қорытынды дайындайтынын мәлімдеді.
«Ұсынылып отырған өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруді, сот ісін жүргізудің IT-сервистерін енгізуді көздейді. Сот кадрларын іріктеу, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері», деді ол.
