Әлем
1 мин оқу 190
Зеленский көмекшісіне жасалған қастандыққа пікір білдірді
<p style="text-align: justify;">Владимир Зеленский бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігіне жасалған қастандыққа қатысты жауап берді. Украина президенті бұл әрекетке жауап болатынын айтып, уәде берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Зеленский Telegram-арнасында Украина азаматтарына арнап видео үндей жариялады. Оның айтуынша, ол Нью-Йоркте жүргенде Сергей Шефирге шабуыл жасалғандығы туралы жаңалықты көрген.
«Шамамен екі сағат бұрын менің бірінші көмекшімнің көлігіне қастандық жасалды. Менің жақын досым және жолдасым Сергей Шефир аман. Өкінішке қарай, оның жүргізушісі жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», деді Украина басшысы.
Бөлісу:
