Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы бассейннің бірінде балалар хлор буымен уланған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмекке жүгінген.
«23 қыркүйекте сағат 10:30-да жедел медициналық жәрдем бригадалары түшкіруге шағымдары бар пациенттерді жеткізді. Олар хлор буымен уланған. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды», делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде», деп нақтылады Сәдуақас Байбағұлов.
