Қазақстан
1 мин оқу 302

Ауғанстаннан келген қандастар Ақмолаға қоныстанды

<p style="text-align: justify;">Ауғанстаннан келген 35 этникалық қазақ Ақмола облысына қоныстанды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауғанстаннан оралған төрт отбасының біреуі - Көкшетау қаласына, қалғаны Атбасар, Бурабай, Сандықтау аудандарына қоныстанған.

«Ауғанстаннан елге көшірілген азаматтар түгелдей жұмыспен қамтылады. Ал балаларын жастарына қарай мектепке, балабақшаға орналастырамыз. Отбасының әрбір мүшесіне 204 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсету көзделген. 1 жылға дейін баспана жалдау, коммуналдық төлем үшін де 15-тен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қолдау қарастырылған», деді Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Бөлісу:
Ауғанстаннан келген қандастар Ақмолаға қоныстанды · Egemen Qazaqstan