Аймақтар
1 мин оқу 150

Жамбылда жол апатынан екі кісі қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған. Салдарынан екі адам көз жұмды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктерінің соқтығысты. Салдарынан автокөліктер өртке оранып, Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп жазады Polisia.kz.

ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.

Бөлісу:
Жамбылда жол апатынан екі кісі қаза тапты · Egemen Qazaqstan