Елорда
1 мин оқу 150
Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді
<p style="text-align: justify;">24 қыркүйек күні сағат 19:35-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөліміне Кенесары көшесі, 3а үйінің түтіндеп жатқаны жөнінде хабарлама түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өрт сөндірушілер хабарланған жерге жеті минуттан соң жеткен. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында шатыр материалы мен жиналған қоқыс өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы - 50 шаршы метр.
«Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:49-да оқшаулап, 19:57-де толық сөндірді», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
