Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионаты ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>
Ширек финалда 27 қыркүйекте қазақстандық футзал шеберлері Иранмен кездеседі.
Ирандық құрама бүгін 1/8 финалда Өзбекстан құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Қазақстан жарыстың аталған сатысында Таиландтан 7:0 басым түсті. Сол күнгі тағы бір кездесуде Аргентина Парагвайды 6:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, 22 қыркүйекте Ресей Вьетнамды, Марокко Венесуэланы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.
Енді 1/8 финалда Испания мен Чехия, Португалия мен Сербия құрамалары шеберлік байқасады. Екі жұптың жеңімпаздары ширек финалда бір-бірімен кездеседі.
Қазір ширек финалдағы Марокко мен Бразилия, Ресей мен Аргентина, Қазақстан мен Иран құрамаларының кездесетіні анықталды.

