Елорда
1 мин оқу 370

Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты

<p style="text-align: justify;"><a href="https://www.instagram.com/p/CUSJTGBDgAP/?utm_source=ig_embed&amp;ig_rid=41f864ca-e101-4b53-84e9-a73a6a334c40">Қазнетте</a> Нұр-Cұлтан әуежайының халықаралық терминалында түтін шыққаны бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның 26 қыркүйекте болғанын айтты.

«Сегізінші гейтте жылыту құбырының кабелі істен шықты. Бұл халықаралық терминал. Түтін гейттен терминалға тарады. Сол уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ, тиісті қызметтер жедел әрекет етті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты · Egemen Qazaqstan