Оқиға
1 мин оқу 590

Ұлыбританияда таныстырылады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде &laquo;Ұлы дала алтыны&raquo; атты халықаралық көрме ашылмақшы.</p>

Ұлыбританияда таныстырылады

Бұл шара 28 қыркүйек күні өтеді деп жоспарлануда. Көр­менің мақсаты – халықаралық қа­уым­дастықты Қазақстанның көп ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті, республика ғалымдарының ғылыми ізденістерінің жаңа нәтижелерімен таныстыруға мүмкіндік беру.

Осы орайда, ағылшындық көрер­мендерге Қазақстан архео­логиясының зор жетістігі Gold of Kazakhstan экспозициясы көрсетіледі. Мұнда Берел қорғандарынан табылған сүйек, киіз және матадан жасалған жыл­қы әбзелдері көрермен назарына ұсы­нылады.

«Танымал археолог Зейнолла Самашев 1998 жылы қорғанның «Патшалық оба» кезеңін зерттеу барысында №11 нысаннан алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі – бекзада мен әйелдің сүйегін тапқан болатын. «Берел жылқылары» деген атаумен белгілі бұл жануарлар тарихымыздың жауһар бірегей жәдігеріне айналған. Сондай-ақ ерекше құрылым мен жерлеу рәсімі №36 обада тіркелген болатын. Басқа жерде кездеспейтін сүйектен жасалған бұлан сипатты жылқы әшекейі. Бұл әшекейдің құндылығы да алтынмен бірдей. Мұндай үлгілер Алтай өңірінің басқа жерлерінде кездеспейді», дейді «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Алмас Сарбасов.

Бөлісу:
Ұлыбританияда таныстырылады · Egemen Qazaqstan