Елімізде БАҚ саны артып келеді
<p style="text-align: justify;">ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Astana Media Week-те Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының статистикасы туралы айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 4919 БАҚ тіркелген. Бір жыл бұрын оның саны 4550 болған еді. Яғни, бір жылда 369 жаңа БАҚ тіркелген. Бұқаралық ақпарат құралдары санының өсуіне қарағанда, елімізде БАҚ-тың даму стратегиясы дұрыс қолданылып жатыр деп айтуға болады», деді Кемелбек Ойшыбаев.
Вице-министр мемлекеттік БАҚ-тың дамуы туралы да айтты.
«Мемлекеттік БАҚ жұмысы интернетте - әлеуметтік желілерде, видеохостингтер мен мессенджерлерде белсенді түрде өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. «Қазақстан» және «Хабар» мемлекеттік арналары жобасын интернет аудиториясына бейімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бірегей веб-мазмұнды, подкасттар мен сұхбаттарды шығарады», деп атап өтті спикер.
