Жамбыл облысында карантин жеңілдейді
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27 қыркүйек 2021 жылғы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №15 қаулысы жарияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қаулының 1-қосымшасында «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:
«Жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;
– демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат берілсін», деп жазылған қаулыда.
Қаулының толық мәтінімен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында танысуға болады.
