Парламент
1 мин оқу 274

Заң білімінің сапасы қаралды

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары еліміздегі заң білімінің сапасын зерттеу мақсатында Қарағанды қаласының бірқатар оқу орындарында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.</p>

Заң білімінің сапасы қаралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпа­раты бойынша, бүгінде елімізде 128 жоғары оқу орны жұмыс істей­ді, олардың 67-сі заңгерлер даяр­лай­­ды. Соңғы 5 жылда заңгер­лерді даяр­лауға 1 480 грант бөлінді және 124 мыңнан астам заңгер бітіріп шықты.

Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Владимир Волков өз сөзін­де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қа­зақ­­стан халқына Жолдауында бі­лім беру сапасын арттыруға ерек­ше назар аударылғанын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар, олар­­дың ішінде Қарағанды қала­­сы­ның жоғары оқу орын­дары­­ның өкілдері саладан тыс жоғары оқу орындарында заң факуль­теттерін ашу және жаппай дип­лом­­ды алу заң кадр­лары­ның кә­сіп­­тік білімі­нің сапа­лық дең­­ге­йін төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар про­­фес­­­сорлық-оқытушылық құ­рам­­ның тапшы­лығы да байқалып отыр.

Владимир Волков сөзін қоры­тын­дылай келіп, білім беру жүйесі әрқашан еліміз Президентінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Комитет барлық мүд­делі та­рап­­ты шақыра отырып Сенат қабыр­ға­сын­да коми­тет отырысын өт­кізу­ді жос­пар­­лап отыр. Оның нә­ти­жесі 2022 жыл­­дың 1 тоқсанында Үкімет саға­тын өткізу болады»,  деді В.Волков.

Сенаторлар сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының жоға­ры оқу орындарындағы, атап айтқан­да, М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ мен Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дегі заңгерлік білім беру деңгейімен танысты.

Бөлісу:
Заң білімінің сапасы қаралды · Egemen Qazaqstan