Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 480

Қызылордада мақта тиеген жүк көлігі өртенді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының аумағында Ресейден Өзбекстанға беттеген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жүк көлік Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы аумағындағы 1338 шақырымында өртенді. Ресейден Өзбекстанға бара жатқан «Volvo» жүк көлігіндегі 21 тонна мақта толықтай жанып кетті.

«Бұл жөнінде хабар келгеннен кейін ең жақын өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. Қашықтық 34 шақырымды құрайды. Оқиға орнына 2 техникамен 7 қызметкер жедел жетті. Өрт жылдам оқшауланды. Оқиға барысында жарақат алған адам жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бөлісу:
Қызылордада мақта тиеген жүк көлігі өртенді · Egemen Qazaqstan