Оқиға
1 мин оқу 810

ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен

<p style="text-align: justify;">Риддер қаласында &laquo;102&raquo; жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат пластикалық терезені ашып, үйін тонап кеткенін айтқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен

Үйінен алтын сақина, үй құжаттары, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалін және 8 000 000 теңге сақталған металл сейфті ұрланған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 000 000 теңгені құрады.

– Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен · Egemen Qazaqstan