Әлем
1 мин оқу 474

Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан асып түсетін зымыран ұшырды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Корея алғаш рет "Хва-сон-8" деп аталатын жылдамдығы дыбыстан да асып түсетін зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан асып түсетін зымыран ұшырды

Сынақ кеше елдің солтүстігіндегі Чаган-до провинциясындағы полигонда жүзеге асырылды.

Оның барысында гипер-дыбыстық қарудың мүмкіндіктері және өзге де  техникалық ерекшеліктері тексерілген. Бірақ зымыран қанша шақырымға дейін ұшырылғаны белгісіз. Ақпарға қарағанда, бұл гипер-дыбыстық қаруды осы елдің Әскери ғылым академиясы жасап шығарған. Ал осы Солтүстік Кореямен көршілес Жапония бұл сынақ аймақтағы қауіпсіздікке қатер деп, наразылығын білдірді.

Бөлісу:
Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан асып түсетін зымыран ұшырды · Egemen Qazaqstan