Театр
1 мин оқу 313

Үздік туындыларын тарту етеді

<p style="text-align: justify;">Алдағы 8, 9 және 10 қазан күндері &laquo;Астана Опера&raquo; сах&shy;насында Қарағанды акаде&shy;миялық музыкалық комедия театры елордалықтарға И.Кальманның &laquo;Сильва&raquo;, И.Штраустың &laquo;Вальс ко&shy;ролі&raquo; опе&shy;ретталары мен А.Кол&shy;&shy;кер&shy;дің &laquo;Труффаль&shy;ди&shy;но&raquo; мюзиклін ұсынады.</p>

Үздік туындыларын тарту етеді

«Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахме­дья­ров­тің айтуынша, аталған теат­р өнер сапарының шымылдығын бел­гілі режиссер, РФ Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров сахналаған И.Каль­манның әлемге әйгілі «Сильва» спек­таклімен ашады.

Сонымен қатар Қарағанды акаде­миялық музыкалық комедия театры, әсіресе, жеткін­шек­терге бағалы сый ретінде Ә.Әбді­нұровтың қазақ аңызда­ры­ның желісімен жазылған «Киелі Самұрық құс» ертегісі мен «Кіш­кентай Мук» қойылымын тарту етеді.

Бүгінге дейін кеншілер қала­сындағы өнер ордасының репертуарында 280-нен астам қойылым бар, оның ішінде әлемдік классикалық опера жауһарлары мен заманауи спектакльдерді ай­туға болады.

 «Астана Операның» IX маусымы басталғаннан бері елордаға бұған дейін Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік ака­демиялық опера және балет театры мен Шым­кент қалалық опера және балет театры гастрольдік сапармен келіп, жұртшылықты қуантса, енді Қа­рағанды академиялық музыкалық комедия театрының үздік туындыларын тамашалауға мүмкіндік туып отыр.

Бөлісу:
Үздік туындыларын тарту етеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар