Әлем
1 мин оқу 472

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильонды көрмеден кейін не істемекші?

<p style="text-align: justify;">QazExpoCongress ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, ЕХРО-2020 көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары Аллен Шайжүнісов ұлттық павильонның көрмеден кейінгі жағдайы не болатынын айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильонды көрмеден кейін не істемекші?

Оның айтуынша, бірнеше нұсқа қарастырылып отыр.

– Біріншіден, павильонды демонтаждауға болады. Яғни, жинап, қайта құрастыруға мүмкіндік бар. Демек, оны бұл жерден алып кетіп, Қазақстанға апарып құруға болады, – деді А.Шайжүнісов.

Сондай-ақ ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінің ұйымдастырушылары біздің павильонға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Олар оны осында қалдырып, сақтап қалуға бейілді.

–  Павильон бірінші кезекте елдің әлеуетін паш ету үшін салынды. Демек, оны осы мақсатта алдағы уақытта да пайдалана беруге болады, – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның ұлттық павильоны салтанатты түрде ашылды.

 

Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері

Бөлісу:
ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильонды көрмеден кейін не істемекші? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар