Тағайындау
1 мин оқу 1,350
«ҚазАқпарат» агенттігінің басқарма төрағасы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы бұйрығымен Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бұған дейін Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ақпараттық агенттіктің жаңа төрағасын ұжымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев таныстырды.
Вице-министр Елдос Наширалидің ақпарат саласындағы басшылық қызметтердегі үлкен тәжірибесін атап өтті.
Бөлісу:
