Спорт
1 мин оқу 180

Екі қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінің өкілі Нилуфар Раимова жұбаныш белдесуіне қатысады деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

57 келіде белдесетін Раимова екінші айналымда үндістандық Аншу Аншудан ұтылған болатын. Өз кезегінде үнділік спортшы финалға жолдама алып, Нилуфарға жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі туды. 

Осылайша, Нилуфар Раимова моңғолиялық Даваачимег Эрхембаярмен белдеседі. Егер жеңіске жеткен жағдайда, әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады. 

Сондай-ақ, 59 келідегі Диана Каюмова да жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Оның қарсыласы - моңғолиялық Шовдор Батарджав. 

Бөлісу:
Екі қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне жолдама алды · Egemen Qazaqstan