Коронавирус
1 мин оқу 170

Алматының коронавирусқа қарсы жоспары өзгерді

<p style="text-align: justify;">Алматыда 1 миллион 300 мың адамды коронавирусқа қарсы вакцина егу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгінге дейін Алматыда 960 мың адам екпе алған.

«Қазан айының соңында Pfizer вакцинасы келетінін ескере отырып, қаланың қалыпты өмірге оралуы үшін 1 миллион 90 мың адамға емес, 1 миллион 300 мың адамға вакцина егу қажет деп санаймыз. Сонда ғана қала азды-көпті қауіпсіз болады. Әлі 300-400 мың ересек адамға екпе салу керек. Сондықтан тапсырма үлкен», деді Ержан Бабақұмаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бөлісу:
Алматының коронавирусқа қарсы жоспары өзгерді · Egemen Qazaqstan