Футбол
1 мин оқу 260

Қазақстан құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Prosports хабарлауынша, Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сол себепті ол, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмаған.

Айта кетейік, құрама 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды · Egemen Qazaqstan