Сайлау
1 мин оқу 250

Ирактағы парламенттік сайлау: Ұялы телефон кіргізілмейді

<p style="text-align: justify;">Ирақтағы ұзаққа созылған саяси және экономикалық дағдарыстан кейін мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сайлау учаскелерінің айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20.00-де жабылады.

Сайлау учаскелеріне ұялы телефондар кіргізілмейді. Әуежайлар мен құрлық шекаралары дауыс беру аяқталғанша жабылады.

Ел парламентіндегі 329 орын үшін 3 249 үміткер күресуде. Дауыс беруге 877 шетелдік бақылаушы қатысады.

Елде 24 миллион адам дауыс беру құқығына ие.Ирак жоғары сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін 24 сағат ішінде жариялайды.

Бөлісу:
Ирактағы парламенттік сайлау: Ұялы телефон кіргізілмейді · Egemen Qazaqstan