Спорт
1 мин оқу 350
Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Ослодо өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті.
Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Мурат Фиратты (Түркия) 7:4 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Нәтижесінде, құраманың көшбасшысы Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, Алмат Кебіспаев бұған дейін грек-рим күресінен әлем чемпионатының бір күміс және үш қола медалін жеңіп алған.
Бөлісу:
