Өнер
1 мин оқу 340

Жасмина – жеңімпаз!

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан&raquo; орталық концерт залында &laquo;Бала дауысы&raquo; ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымы қорытындыланды. Байқауды Әлия Назарбаеваның &laquo;Жандану әлемі&raquo; қоры Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өткізді. Финалдық концерттік бағдарламалар аясында 14 облыстан және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 17 үміткер өз өнерлерін үлкен сахнада паш етті.</p>

Жасмина – жеңімпаз!

7 қазанда «Шетелдік және отандық хиттер» атты кон­церттік бағдарлама өткен болатын. Он­да жас әртістер танымал ком­пози­торлардың әнін орындап, бірегей нөмірлерін ұсынды. Балалардың өнерін эстрадамыздың жас жұл­дыздары бағалады. Олар­дың ішін­де Әли Оқапов, Әйге­рім Рақы­ше­ва (Ayree), Ерден Жақсы­бе­ков, Бейбіт Көшқалиев және Диана Сне­гина бар.

Ал 9 қазан күні байқаудың 5 жыл­ды­ғына және Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына арналған «Туған күнің­мен, «Бала дауысы!» гала-концерті өтті.

Балалар тәлімгерлермен – өткен жылдардың финалис­терімен бірге авторлық ән ком­­позицияларын орындады. Ал­тыншы маусымның Гран-при иегері – Нұр-Сұлтан қала­сының өнерпазы Жасмина Тү­зелова атанды. Оған Ұлттық Өнер университетінде оқу­ға грант бе­рілді.

Бірінші орын – маңғыс­­таулық Әмина Ас­ғатоваға берілсе, екін­­ші орын – алматылық Юлия Макс пен Қа­рағанды облы­сынан Вик­тор Еме­лья­новқа бұйырды. Қал­ған үш финалист үшінші орын сыйлығына ие болды. Олар – Аты­рау облы­сынан Алтынай Тө­леген, Қы­зылорда облысынан Ма­дияр Серік және Түркістан облысынан Майя Болат.

«Телекөрермендер жүл­десі» аталымында Батыс Қа­зақстан облысынан келген Сан­жар Дәу­кенов же­ңімпаз атан­ды.

Бөлісу:
Жасмина – жеңімпаз! · Egemen Qazaqstan