Вакцинация. Шымкент жоспарды 100 пайыз орындады
<p style="text-align: justify;">Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент «жасыл» аймаққа өтті. Қалада вакцина салуға болатын санаттағы адамдардың 100 пайызы екпе алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқарды. Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Бүгінде 397 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын 48 пайызға толы, 416 төсек-орны бос», делінген хабарламада.
Қазір қала бойынша вакинаның I компонентін 536 000 адам, ІІ компонентін 454 848 адам салдырды.
Айта кетейік, қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
