Қытайда автобус өзенге құлап, үш адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Жолаушылар автобусы дүйсенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында өзенге құлады. Оқиға салдарынан үш жолаушы қаза тапты, тағы он бір жолаушы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазіргі уақытта судан 40 адам шығарылды, олардың үшеуі қайтыс болды, тағы 11 адам хабар-ошарсыз кетті», делінген Қытайлық БАҚ хабарламасында.
Төтенше жағдай Шицзячжуан қаласында (Хэбэй провинциясы) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында болды. Апат кезінде көлік құралының салонында 51 адам болған. Жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істейді.
Жергілікті БАҚ жазғандай, автобус жағаға шығарылып, аман қалған жолаушылар емханаға жеткізілді.
