Спорт
1 мин оқу 181

Көркем гимнастикадан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте көркем гимнастикадан жекелей сын бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар есімі анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көркем гимнастикадан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Шығыршықпен жаттығудан шымкенттік Баян Қойбағар топ жарды. Ол 22,250 ұпай жинаған. Доппен жаттығуда елордалық Ділназ Байленова 21,700 ұпаймен жеңіске жетті. 

Сондай-ақ, Баян ұршықпен жаттығудан (22,850), Ділназ таспамен жаттығудан (18,750) бірінші орын иеленді. 

Үш шығыршы және екі жұп ұршықпен жаттығудан Нұр-Сұлтан командасы тұғыр биігіне көтерілді. Бес доппен жаттығуда да елордалықтар көш басында. 

Бөлісу:
Көркем гимнастикадан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды · Egemen Qazaqstan