Спорт
1 мин оқу 150

Үшінші кезеңде ұтылды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан 1000 BNP Paribas Open турнирінің төртінші кезеңіне шыққан теннисшілердің есімдері толықтай белгілі болды.</p>

Үшінші кезеңде ұтылды

Қазақстанның ойыншылары арасынан бұл межеге тек Юлия Путинцева ғана жеткен еді. Алғашқы айналымдарда германиялық Андреа Петкович пен өзінің отандасы Елена Рыбакинаны жолынан ығыстырған Путин­цева үшінші кезеңде латвиялық Елена Оста­пенкомен кездесті. 24 жастағы Балтық жаға­лауының өкілі 2017 жылы Ролан Гарростың жеңімпазы атанып, 2018 жылы Уимблдонның жартылай финалына дейін жеткен. WTA турнирлерінде төрт рет топ жарды. Осы та­бысының арқасында ол әлемнің бесінші ракеткасы атанды. Қазіргі кезде Елена үздіктер тізі­мінде 29-орынды иеленуде. Өкінішке қа­рай, осындай мықты теннисшіге Юлияның әлі жетпеді. Бұл тартыс 6:3, 2:6, 6:3 есебімен Оста­пенконың пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанға дейін созылатын Индиан-Уэллстегі жарыс әлемдегі көп­теген мықты теннисшінің басын қосты. Оның жүлде қоры 8 359 455 долларды құрап отыр.

Бөлісу: