Әлем
1 мин оқу 350

Әзербайжанда Тәуелсіздік күні өзгерді

<p style="text-align: justify;">Әзербайжанның Милли Меджлисі (Парламенті) Тәуелсіздік күніне байланысты заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Заң жобасы бойынша жыл сайын 28 мамырды Әзербайжанда Тәуелсіздік күні ретінде, ал 18 қазанды Тәуелсіздіктің қалпына келу күні ретінде атап өту ұсынылған болатын.

Осы уақытқа дейін Республика күні 28 мамырда тойланып келді, ел азаматтарына демалыс беріледі. Жаңа заң бойынша енді бұл дата Тәуелсіздік күні ретінде тойланатын болады. Енді 18 қазан - Тәуелсіздікті қалпына келтіру күні ретінде атап өтіледі және жұмыс күні саналады.

Бөлісу:
Әзербайжанда Тәуелсіздік күні өзгерді · Egemen Qazaqstan