Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 12-де сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқандығы туралы телефон хабары түсті.
«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған.
Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.
