Өнер
2 мин оқу 1,980

«Асыл домбыра» кімге бұйырды?

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен &laquo;Алатау&raquo; дәстүрлі өнер театрында республикалық ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының супер финалы өтіп, ақпан айында басталған аламанның ең үздіктері анықталды.</p>

«Асыл домбыра» кімге бұйырды?

Аламан айтысқа төрт ірік­теу кезеңінен сүрінбей өткен 18 ақын қатысты. Жыр дода­ның басты ерекшелігі ақын­дардың жұбы жұрт алдында жеребемен анықталып отыр­ды. Жыл басынан бері 4 ке­зеңнен өрбіген іріктеуге бар­лығы 47 ақын қатысқан болатын. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман бұл айтыс тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш екенін, осы жоба ең ауқымды бәсеке болғанын айтады.

Аузымен құс тістеген ақын­дар өз жырына тәуелсіздік же­тіс­тіктерін, ұлт мұрасы мен ұрпақ тағылымын арқау етті. Кезі келгенде қоғамдағы түйт­кілді проблемаларды түйреп айтып, жырсүйер ағайын­ның көңілінен шықты. Қа­зақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төр­ағалық еткен қазылар ал­қасына нағыз жеңімпазды анықтау оңайға соққан жоқ. Тапқырлық, ұт­қыр­лық, көр­кемдік, суырып са­лу айтысты бағалаудың басты талабы ретінде қойылды.

Сөз барымтасында орамды ой, айшықты тіркесімен көрермен көзайымына ай­налған алматылық Қазірет Бердіхан асыл тастармен көм­керілген айрықша дом­быраның иегері атанып, ASSYL DOMBYRA айты­сы­ның жеңімпазы деп та­нылды. Айтыс сахнасын­да өзіне тән өрнегі бар қызыл­ордалық Мұхтар Ниязов II орынды еншілесе, екі III орын өскемендік Серік Қуанған мен Сыр өңірінің тумасы жүйрік ақын Мейірбек Сұлтанханға бұйырды.

Қазылар алқасының шеші­мімен Шұғайып Сезімхан, Айбек Жеңісқазин, Нұрлан Есен­құлов қатарлы үш ақынға ынта­ландыру сыйлығы берілді.

Ал құны 2 млн 400 мың теңгені құрайтын ASSYLTAS стипендиясы Ринат Зайытовқа берілді.

«Айтыс – ежелден келе жат­қан асыл мұрамыз. Бұл өнер­дің әлем үшін де орны бөлек. Сон­дықтан ЮНЕСКО айтыс­ты адамзаттың мәдени мұра­ларының тізіміне қо­сып отыр. Биылғы ASSYL DOMBYRA ақындар айтысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойы­на орай өткізілді. Сондай-ақ әр іріктеу кезеңі Жамбыл Жабаевтың 175 жыл­дығына, Мұқағалидың 90 жас мерейтойы мен Қасым Аман­жоловтың 110 жыл­ды­ғына да арналды. Супер финалда ақындар қоғам­дағы өзек­ті проблемалар­ды қозғап, кө­рермендер нағыз айтыстың куәсі болды. Себебі ақтық бәсе­кеде кіл мықтылар өнер көр­сетті. Көрермен нағыз тар­тыс­­қа толы биік деңгейдегі ай­­тыс­тардың куәсі болды», дейді ASSYLTAS қоғамдық қо­рының құрылтайшысы Дулат Тәстекеев.

Бөлісу:
«Асыл домбыра» кімге бұйырды? · Egemen Qazaqstan