Қазақстан
1 мин оқу 313

«Мектепке жол»: 20 мыңнан астам оқушыға көмек берілді

<p style="text-align: justify;">Мұқтаж жандарға көмек көрсету, балаларды, көпбалалы отбасыларды қолдау бүгінде алматылықтар тарапынан жүзеге асып жатқан қайырымды істердің қатарында. Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг&shy;те &laquo;Мектепке жол&raquo; акциясының қорытындысымен таныс&shy;тырды.</p>

«Мектепке жол»: 20 мыңнан астам оқушыға көмек берілді

Жалпыреспубликалық акция аясында әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылар­дың балаларына көмек көрсету, әртүр­лі әлеуметтік салдарға бай­ла­нысты балалардың мектепке келмей қалу жағдайларын анық­тау жұмыстары әрі қарай да жал­ғасын табады. Осы орайда Қ.Жұманов эпидемиялық жағдай­дың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акция­сын өткізу платформа арқылы жыл бойы жалғасатынын жет­кізді. Көмекке мұқтаж ата-ана­лар, сонымен бірге қолдау көрсете­мін деген демеушілер мен меценат­тар www.atamekenim.kz сайтында өтініштерін қалдыра алады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 22 142 оқушыға 774 млн 970 мың тең­ге бюджет қаражаты есебі­нен көмек көрсетілді. Ал акция­ға қолдау білдірген Алматы қаласының меценаттары 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Басқарма басшысы­ның орынбасары сонымен бірге қазіргі кезде  жаппай оқыту қоры тарапынан 1-11-сынып оқу­­шы­лары үшін тегін тамақ ұйым­дастырылғанын атап өтті. Бұл мақ­сатқа жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, қала мектептеріндегі 24 мыңнан астам оқушы қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
«Мектепке жол»: 20 мыңнан астам оқушыға көмек берілді · Egemen Qazaqstan