Экономика
1 мин оқу 143

Шымкентке Татарстан сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері келді

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Татарстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы делегациясымен бизнес кездесу өткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентке Татарстан сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері келді

Аталған жиын Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы байланыстарды нығайту және инвестициялық жобаларды таныстыруды мақсат еткен.

Татарстандық делегаттарға қаламыздағы Индустриалды аймақтар және «Оңтүстік» АЭА, «Shymkent invest» орталығындағы мүмкіндіктер таныстырылды.

Айбек Сәттібаев кездесу барысында татарстандық делегаттарға Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе татарстандық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

1

Бөлісу:
Шымкентке Татарстан сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері келді · Egemen Qazaqstan