Ауа райы
1 мин оқу 420
Алдағы күндері ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі
<p style="text-align: justify;">Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда – бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа райы қалыптасады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елдің батыс бөлігінде ғана, циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжануда. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12....22 градусқа дейін жылы, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 градус жылылықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13....23 жылуды құрайды.
Бөлісу:
