Аймақтар
1 мин оқу 335

Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын үш есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олардың бірі Медеу ауданы аумағындағы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған компоненттер, сондай-ақ жалпы салмағы 3,5 кг сатуға дайын «мефедрон» заты тәркіленді.

«Сәуір айында есірткі бизнесі желісі бойынша ҰҚТ құруда кінәсі дәлелденген 8 айыпталушы ұсталған. Топ «мефедрон» синтетикалық есірткісін интернет-ресурстар арқылы дайындаумен және өткізумен айналысты. Сонымен қатар, есірткі заттарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3901 граффити-жазуы боялған. Есірткі жарнамасы үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы полициясының бастамасымен жыл басынан бері 357 интернет-сайт бұғатталды», деді Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Жыл басынан бері Алматы полициясы 545 есірткі қылмысын анықтады. 380 килограмнан астам есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілген жоқ.

Бөлісу:
Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды · Egemen Qazaqstan