Медицина
1 мин оқу 374

Медицина мамандығына гранттар саны ұлғаяды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға білім беру гранттарының саны көбейеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты, сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының саны 3800-ге дейін, сондай-ақ әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылған дәрігерлердің саны ұлғайтылатын болады», деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы пандемия санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту қажеттігін көрсеткенін және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұлттық жобаның екінші бағытында биоқауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін 61%-дан 90%-ға дейін арттыру жоспарланғанын атап өтті (санэпидсараптаудың кемінде 12 зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылады).

ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы қабылданады, сондай-ақ ұлттық және жаһандық тәуекелдерге болжамдау мен ден қоюдың ғылыми негізделген жүйесін енгізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Медицина мамандығына гранттар саны ұлғаяды · Egemen Qazaqstan