Аймақтар
1 мин оқу 484
Маңғыстауда өндірістік аймақтағы өрт толығымен сөндірілді
<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласының №3-ші өндірістік аймақ «Мастер Дом» гипермаркеті артындағы ашық алаңда шыққан өрт таңғы сағат 05.05-те толығымен сөндірілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мangystaumedia.kz порталы 700 шаршы метр аумақты сөндіру жұмыстарына барлығы 31 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылғанын жазды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, тағы Ақтау қаласының әкімшілігінен 24 қызметкер, 2 погрузчик, 4 техника (су тасымалдаушы), 6 самосвал жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт кеше сағат 15:45 шамасында басталған.
Бөлісу:
