Аймақтар
1 мин оқу 520

Қызылордада қоқыстан шала туған баланың денесі табылды

<p class="p2" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қызылорда облысында қоқыс контейнері жанынан шала туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Оқиға бүгін, 18 қыркүйекте Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті Жанқожа батыр көшесіндегі № 27 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан күл-қоқыс жинайтын контейнер маңында тіркелді.

«Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинау барысында шала туылған бала түсік денесін көрген.

Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен.

Бөлісу:
Қызылордада қоқыстан шала туған баланың денесі табылды · Egemen Qazaqstan