Оқиға
1 мин оқу 360

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді

<p style="text-align: justify;">Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт туралы хабар бүгін, 18 қазан күні сағат 16:16 шамасында түскен.

«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Жалын салдарынан 4 және 5-қабаттағы балкон жанған. Жергілікті уақытпен сағат 16:48-де толық жойылған өртті сөндіруге 9 арнайы техника, оның ішінде 2 автосаты тартылды», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Бөлісу:
Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді · Egemen Qazaqstan