Қысқы спорт
1 мин оқу 700

Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы &laquo;Мұз сарайында&raquo; мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды

Ел чемпионаты 19-23 қазан аралығына жоспарланған. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облысынан, жалпы 150-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов спортшыларға сәттілік тіледі.

1

Айта кетейік, аталған бәсекеде Шымкент қаласынан 23 спортшы бақ сынайды.

Бөлісу:
Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды · Egemen Qazaqstan