Жаңалықтар
1 мин оқу 220

Бас мүфтидің Саудия сапары

___DSC_0204---________ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми сапармен Сауд Арабиясына барды. Діни басқарма делегациясын бастап барған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылық министрлігінің Жидда қаласындағы басқарма жетекшісі Абдолла Марғұланимен кездесті. Тараптар ресми басқосуда қажылық сапарында қызмет көрсету жұмыстарын талқылап, пысықтады. Тараптар өзара келісімшарт құжатына қол қойды. ҚМДБ төрағасы сапар барысында Көлік департаменті бастығының орынбасары Әл Яманимен кездесіп, өзара ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы Түркия қажылары мен Еуропа мұсылмандары департаментінің жетекшісі Тарық Анкауимен жүздесіп, басқосуда қажылық кезіндегі қызмет сапасын жетілдіру жұмыстарын сөз етті. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
Бас мүфтидің Саудия сапары · Egemen Qazaqstan