Аймақтар
1 мин оқу 312

Алматыда із-түзсіз кеткен 8 жасар оқушы табылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыда жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Бала табылды, аман-есен және дені сау. Біздің қызметкерлер жеткіншекті ата-анасына тапсырады. Үйден кетуінің себебі - далада серуендегісі келген екен. Солай деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда сегіз жасар баланың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз. Ол 20 қазан түнгі сағат үште, ата -анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен.

Баланы полицейлер мен еріктілер іздеді.

Бөлісу:
Алматыда із-түзсіз кеткен 8 жасар оқушы табылды · Egemen Qazaqstan