Жұмаға арналған ауа райы болжамы
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл тұрады.
