Ресейде 21 адам метил спиртіне уланып қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Ресейдің Свердлов облысында метил спиртінен улану салдарынан көз жұмғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы сотта журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлім етті.
«Бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны – 24 адам», деді прокурор.
Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған. 7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам азаматтарға метил спиртін өткізген.
РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
