Технология
1 мин оқу 380

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері қаншаға бағаланады?

<p style="text-align: justify;">Дамыған заманда тың техноло&shy;гия&shy;лар көптеген жұмысты жеңілде&shy;ткенмен, цифрлы процестер жеке мәліметтердің таралып кетпеуіне кепілдік бермейді. Кибер шабуылдан қалай сақтануға болады?&nbsp;DarkNet немесе &laquo;жасырын желіде&raquo; жеке, банктік мәліметтеріңіз таралып кетпеу үшін не істеу керек? Киберқауіпсіздік саласындағы осы және өзге де сауалдарға&nbsp;Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 22 қазандағы санында журналист Жақсылық Мұратқали жауап іздеп, маман кеңесін ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері қаншаға бағаланады?

DarkNet-те талай қазақстандықтың дерегі жүр. Сондықтан «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов отандастарын барынша сақ болуға шақырады. 

Сондай-ақ Дмитрий Галов қазақстандықтардың жеке мәліметтері қаншаға бағаланатынын да айтты.

«Төлқұжат немесе селфи сканері бар мәліметтер пакеті ша­мамен 4 доллардан басталады. Бұ­ған қоса Netflix, Amazon сынды стри­мингтік плафтормалардың өні­міне заңсыз қол жеткізуге мүм­кін­дік беретін деректер де сатылады. Олардың құны – 50 цент пен 8 дол­лардың аралығында. Банк кар­тала­рының мәліметтері 6-20 доллар аралығында саудаланса, интернет-банкингтің тіркеу деректерінің баға­сы шотта қалған сомаға байланысты деп нақтылады киберқауіпсіздік сарапшылары. Шет мемлекеттерде интернеттен тіпті медициналық картаға байланыс­ты мәліметтерді де сатып алуға болады», дейді «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов.

Тақырыпқа қатысты өзге де құнды мәліметтерді журналист Жақсылық Мұратқалидың «Хакердің көздегені – өнеркәсіп» материалынан оқуға болады.

Бөлісу:
Қазақстандықтардың жеке мәліметтері қаншаға бағаланады? · Egemen Qazaqstan