Экология
1 мин оқу 540

Бекіре балығын заңсыз аулағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған 8 адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен бекіре тұқымдас балықтарды және бекіре тұқымдас балықтардың қара уылдырығын заңсыз аулау және өткізу фактісі бойынша 14 қазан күні Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданы аумағында сегіз адамды күдікті ретінде ұстады.

Ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында жалпы салмағы 6 кг 500 грамм бекіре тұқымдас балықтардың қара уылдырығы, 459 кг бекіре тұқымдас балықтары, бір «Байда» жүзу құралы, бір резеңке қайық, 15 қап балық аулау торлары, үш дана патрон және «марихуана» есірткі заты бар шырпы қорабы табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу әрекеттері жалғасуда. 

Бөлісу:
Бекіре балығын заңсыз аулағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan