Оқиға
1 мин оқу 270

Елордада тұрғын үйдің күмбезі әйелдің үстіне құлады

<p style="text-align: justify;">Астанада әйелдің басына тұрғын үй кешенінің төбесінен шынысы бар темір конструктор құлады. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сығанақ көшесіндегі бизнес-орталықтың шатырынан әйелдің үстіне металл конструкцияның құлауына қатысты полиция түсінік берді.

Оқыс оқиға «102» шұғыл байланыс желісіне биылғы жылдың 22 қазанында сағат 13:00-де келіп түсті. Қатты соққан желдің кесірінен темір күмбез құлап, 56 жастағы әйел зардап шекті.

– Бұл фактіге сәйкес, Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Елордада тұрғын үйдің күмбезі әйелдің үстіне құлады · Egemen Qazaqstan